2 желтоқсанда Қазақстанда коронавирус жұққаны арнайы тестпен расталған 769 адам анықталды, 642 адам жазылды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараты бойынша, сәрсенбі күні Шығыс Қазақстан облысында - 140, Павлодар облысында - 99, Солтүстік Қазақстан облысында - 97, Ақмола облысында - 89, Қостанай облысында - 82, Алматы қаласында - 72, Нұр-Сұлтанда 41 адамнан коронавирус инфекциясы анықталған.
Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен дәлелденгендер 133 887 адамға жетті: 118 мыңнан астамы жазылған, 2049-ы қайтыс болған.
Қазақстанның коронавирус статистикасына коронавирус пневмониясына шалдыққандар есебі енгізілмеген. 1 тамыздан бері 42 447 адамға коронавирус пневмониясы диагнозы қойылған, 444 адам қайтыс болған, 30,6 мыңнан астамы жазылған.
Өткен аптада денсаулық сақтау министрлігі ШҚО, Қостанай, Павлодар, СҚО, Ақмола облысында статистика дұрыс жүргізілмегенін анықтаған еді.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратына сенсек, қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 13 827 адам ем қабылдауды жалғастыруда.
«Олардың арасында 904 бала бар. Стационарларда 3 541 науқас жатыр. 10 286 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.
Жалпы науқастардың арасында 218 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 35 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 31 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», - делінген хабарламада.