ҚР Әділет министрі Марат Бекетаев Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларын карантин жабу заң аясында жүргізілгенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«ҚР Президентінің Жарлығына сәйкес, еліміз бойынша төтенше жағдай енгізілді. Бұл – уақытша және мәжбүрлі шара. Біріншіден, бұл шара азаматтардың денсаулығын қамтамасыз ету мақсатында енгізілді. Екіншіден, бұл арнайы құқықтық режим. Жеке және заңды тұлғалардың кейбір құқықтарына шектеу белгіленеді және қосымша жауапкершіліктер жүктеледі. Мұны түсінуіміз қажет. Сонымен бірга, төтенше жағдай кезінде құқық қорғау орындары күшейтілген жұмыс тәртібіне көшеді. Төртіншіден, мемлекеттік апратта да ерекше жұмыс режиміне көшіп, шешім қабылдау уақыты қысқарады», - дейді ҚР Әділет министрі ОКҚ алаңында өткен баспасөз конфренциясында.
Ол Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары карантин режимінде екені туралы айтып өтті.
«Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларын карантин режиіме көшіру, қозғалысты шектеу туралы шешім конституциялық заңға сәйкес келеді. Бұл шешім инфекцияның таралу қаупін төмендету мақсатында қабылданды», - дейді ол.