#
#
Сенбі 17/04/2021

18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды – Есмағамбетова

  • 07.04.2021
  • 0
  • 156

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрайымы Айжан Есмағамбетова 18 жасқа толмағандарға коронавирусқа қарсы вакцина неге салынбайтынын түсіндірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгінде 18 жасқа дейінгі балаларға вакцина салынбайды. Оларға вакцина қарсы көрсетілім болғандықтан салынбай отырған жоқ. Себебі халықтың дәл осы тобы үшін клиникалық зерттеулер жеткілікті деңгейде жүргізілмеген», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында. 

Сонымен қатар ол алдағы уақытта коронавирусқа қарсы вакцинаның балаларға әсеріне қатысты клиникалық зерттеулер жүргізілетіндігіне үміт артатындығын айтты. 

«Келешекте зерттеулер шығып, балалар үшін де вакцина тиімді әрі қауіпсіз екендігі айтылуы мүмкін. Міне, сол кезде оларға да вакцина салу мүмкіндігін қарастырамыз. Ал қазіргі уақытта 18 жастан асқан адамдар ғана вакцинациялау тобына жатады», - деді Айжан Есмағамбетова.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар