14 қаң, 2021 сағат 07:00

13 қаңтарда мыңға жуық адамнан коронавирус пен пневмония анықталды

13 қаңтарда Қазақстанда 834 адамның ПТР-тесті оң шықты. 91 адам коронавирус пневмониясына шалдықты. Бір күнде 3 адам - коронавирустан, 2 адам коронавирус пневмониясынан қайтыс болды. Денсаулық сақтау министрлігінің 14 қаңтар таңертең хабарламасында осындай мәлімет көрсетілген.

Өткен тәулікте ең көп науқас Нұр-Сұлтан (123) мен Алматы қалаларында (122) тіркелген. Бір күн бұрын да жағдай осыған ұқсас болған. Атырау облысында - 75, Қостанай облысында - 74, Павлодар облысында - 70, Солтүстік Қазақстан облысында - 59, Ақмола облысында- 59, Алматы облысында - 56, Қарағанды облысында - 40, Батыс Қазақстан облысында - 40, Шығыс Қазақстан облысында 39 адамнан коронавирус анықталған. Қалған облыстар мен қалаларда бір күнде анықталған науқастар жиырмаға жетпейді.

Наурыз айынан бері коронавирус жұққаны тестпен расталған науқастар 165 311 адамға жеткен.

Қазақстан билігі 1 тамыздан бері пневмонияның коронавирусқа ұқсас түріне жеке код беріп, бөлек есептеп келеді. Оған дейін қанша адамның коронавирус пневмониясына шалдыққаны белгісіз.

Денсаулық сақтау министрлігі 1 тамызға дейін пневмонияның бірнеше түрін бірге есептегенін айтады. 6 айға жуық уақыт ішінде 46 590 адам коронавирус пневмониясына шалдыққан. 532 адам қайтыс болған. 34 209 адам жазылған.

14 қаңтардағы мәлімет бойынша, 23 608 адам короновирус инфекциясынан (11 759 КВИ+ және 11 849 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 850 пациент стационарда, 17 758 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда», - делінген ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ақпаратында. 

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:

• 272 адамның жағдайы ауыр;

• 55 пациенттің жағдайы өте ауыр;

• 51 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.