«Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша өтінімдер 12 сәуірден бастап қабылданады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" «Отбасы банкінің» желідегі парақшасына сілтеме жасап.
Таратылған мәліметке қарағанда, бағдарламаға көпбалалы отбасы, мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған отбасы, толық емес отбасы (ажырасқан уақыты 3 жылдан кем болмауы тиіс) санаттары бойынша мемлекеттік пәтер кезегіне тұрған Отбасы банкінің салымшылары қатыса алады.
«Енді жолдама алу үшін әкімшілікке барудың қажеті жоқ. Биылдан бастап өтінімдер онлайн қабылданатын болады. Келесі посттарда біз бұл туралы толығырақ айтатын боламыз», - делінген хабарламада.Бағдарламаға шарттары:- Несие мөлшерлемесі жылдық 2%;- Бастапқы жарна - 10%.
«Талаптарға сай, жеңілдетілген заем алу үшін әр отбасы мүшесіне келетін табыс мөлшері соңғы алты айда ай сайын 3,1 ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни, 106 336 теңгеден аспауы қажет. Яғни, бұған дейін осы талапқа сай келмеген отбасылар осы жылы бағдарламаға қатысып, қоныс тойын тойлай алады», - деп аталып өткен таратылған мәліметте.