Жылдың астрономиялық күнтізбесіне сәйкес 2020 жылдың алғашқы ай тұтылуы қаңтардың 10-ынан 11-іне қараған түні болады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ай тұтылуының максималды фазасы - 089. Жер көлеңкесіне айдың оңтүстік бөлігі енеді, сондықтан қараңғылық шамалы болады, дейді астрономдар.
Айдың жер көлеңкесіне алғашқы жақындауы Нұр-Сұлтан уақытымен 17:07-те болады, тұтылудың максималды фазасы Нұр-Сұлтан уақытымен 19:11-де пайда болады, ал 21:12-де Ай жер көлеңкесінен толығымен шығады.
Айдың тұтылуы Ресей, Украина, Беларусь, Молдова, Балтық теңізі, Кавказ бен Орталық Азия елдерінде көрінетін болады.
Жалпы алғанда, 2020 жылы, астрономиялық күнтізбеге сәйкес, екі күн және төрт айдың тұтылуы күтіледі. 2020 жылдың ең үлкен астрономиялық оқиғалары толық және сақиналы күн тұтылуы болмақ.