Фото: Алматы облысының әкімдігі
Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Серікбек Сақайбековке Президент Алғыс хатын табыстады, деп хабарлайды Ult.kz.
Оқиға 30 маусым күні футбол алаңында болған. Баланың көмекке шақырған даусын естіп, Серікбек Сақайбеков ойланбастан көмекке ұмтылып, өз өміріне қауіп төнсе де, баланы иттерден арашалап қалған.
Облыс әкімі ерлік иесіне алғысын білдіріп, мұндай оқиғалар қоғамдағы бейжай қарамаудың азаймағанын, шынайы жанашырлықтың бар екенін көрсететінін атап өтті.
