27 мам, 2024 сағат 13:09

"10 мың оқырманы бар блогер әйел болып жарытпайды": Жарқын Мырзатай желіде блог түсіретін қыз-келіншектерді сынады


Көпшілікке Жарқын ұстаз деп танымал Жарқын Мырзатай сұхбатта жігіттерге үндеу жасап, блогер қыздарға жоламауға және оларға үйленбеуге кеңес берген. 

Жарқын Мырзатайдың айтуынша, 10 мың оқырманы қыз әйел бола алмайды.

"10 мың оқырманы бар қыз саған "қатын" болып жарытпайды. Ол оқырманының лүпілі үшін бәрін жасайды. Бар сұлулығын интернетке салып жүрген қыз үйіңде "қатын" болып отырмайды. Оларды алмау керек. Түріне қарап алса, өмір бойы қызғанып өтесің. Мейлі хиджаб киіп тұрсын, сұлулығын көрсетіп отыр", - деді Жарқын Мырзатай.


Сөзінше, қыздар интернетте өзін көрсету арқылы ер адамдарды еліктіріп, ойын бұзады. Тіпті блог жүргізіп, ақыл айтқаны орынсыз дейді.

"Жабық каналда тек әйелдермен дәріс өтсе болады. Бірақ бүкіл интернетке шығып, еркектер көретін жерде отыруға рұқсат жоқ. Оның уағызын тыңдаған еркек "мә, мүсіні зор екен" деп отыра береді. Неге, өйткені ол еркек, пенде ғой. "Сен олай ойлама" дейді, қалай ойламаймын, мен импотент емеспін ғой. Сұлу қатын шығып тұрса, болды, мен оны ойлай беремін", – деді ол.


Айта кетейік, қазіргі таңда Жарқын Мырзатай имам емес және ҚМДБ-ға қарамайды. Ол қажылық фирмада гид қызметін атқарады.