31 қаз, 2017 сағат 12:19

1 қарашадан бастап азаматтарды тіркеу жеңілдетіледі - ҚР ІІМ

ҚР Ішкі істер министрлігі Әділет министрлігі және «Азаматтар үшін үкімет» мемлекеттік корпорациясымен бірге тұрғындарды жергілікті жері бойынша тіркеу шараларын оңайлатты.

Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп хабарлайды аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметі.      

Ол үшін пилоттық тексеруден табысты өткен ақпараттық жүйе біріктірілген.

Енді азаматтарға тіркелу кезінде тұрғын үйге иелік құқығын растайтын құжаттарды немесе жылжымайтын мүлікке тіркелген құқығы туралы анықтама ұсыну талап етілмейді. 

Мекенжай мәліметтері жүйеге мекенжайдың тіркеу кодының негізінде енгізілетін болады.

Жаңа механизм ағымдағы жылғы 1 қарашадан бастап республиканың барлық өңірлерінде халыққа қызмет көрсету орталықтарында жұмыс істей бастайды.