15 қар, 2022 сағат 12:39

1 қаңтардан бастап ТЖМ қызметкерлерінің жалақысы өседі

Фото:gov.kz

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин ведомство қызметкерлерінің жалақысы қашан және қаншаға өсетінін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz агенттігі.

"Үш жыл бұрын жалақыны көтеру мәселесі көтерілгенде қызметкерлер 65 мың теңге алатын. Қазір қызметке жаңадан келген қызметкердің ең төменгі ресми жалақысы шамамен 110 мың теңге", - деп жауап берді министр Үкімет отырысында.

Ол 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақыны 10-нан 70 пайызға дейін арттыру қарастырылғанын айтты.

"70 пайыз - бұл қатардағы құрам үшін, қызметті жаңадан бастағандар үшін ең жоғары өсім. 10 пайыз - бұл басшылық құрам үшін, өрт сөндіру қызметінің бастықтары, ТЖ қызметінің бастықтары", - деп түсіндірді Ильин.