26 мау, 2019 сағат 08:40

Парламент депутаттары Арысқа аттанды

Парламент депутаттары Арыс тұрғындарымен кездесу үшін Түркістан облысына аттанды, – деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Бұл туралы бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин айтты. Оның айтуынша, депутаттар өздерінің бір күндік жалақысын арнайы көмек көрсету қорына аударған.

«Барлық депутаттық корпус атынан Арыс қаласындағы төтенше жағдай салдарынан қаза болғандардың отбасыларына қайғыра көңіл айтамыз. Сонымен бірге, зардап шеккендердің тезірек жазылып кетуін тілейміз. Баршаңызға белгілі, осы күндері бүкіл қазақстандықтар бір ел болып Арыс тұрғындарына қолдан келген көмекті көрсетуде. Соның ішінде Мәжіліс депутаттары да бірінші күннен бастап осы оқиғадан тыс қалған жоқ. Ал кешеден бастап бір топ депутаттарымыз халықпен кездесу үшін Арыс қаласына жол жүріп кетті» деді Н.Нығматулин.

Еске сала кетсек, Арыс қаласындағы әскери бөлімнің қоймасында 24 маусым күні таңертең жарылыс болды. Апат салдарынан екі адам мерт болды.