16 қар, 2017 сағат 14:42

Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне операция жасалды

Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин жүрегіне операция жасатты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпаратkaz.tengrinews.kz порталына сілтеме жасап. 

"Шынымен, үш апта бұрын Республикалық кардиологиялық орталықта Нұрлан Зайроллаұлының жүрегіне операция жасалды. Сәтті өтті, қазір ол белсенді түрде сауығу процесінен өтіп жатыр", - дейді Мәжілістің баспасөз қызметінің өкілдері. 

Естеріңізге сала кетейік, Нұрлан Нығматулин үш апта бойы Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысқан жоқ.