19 қаң, 2018 сағат 09:53

Қазақстан Көшбасшысы стратегиялық ауқымдағы саясаткер екенін көрсетті - Тоқаев

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі мәлімдемесі жайлы пікір білдірді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіндегі мазмұнды сөзі дүниежүзілік негізгі органның жұмысына тың серпін береді, халықаралық жағдайдың маңызды мәселелері бойынша пікірсайыстың өзегіне айналады. Қазақстан Көшбасшысы стратегиялық ауқымдағы саясаткер екенін көрсетті", - деп жазған Тоқаев.

Еске сала кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев АҚШ-қа ресми сапармен 16 қаңтарда барған болатын. Ал бүгін ол Құрама Штаттарына жасаған ресми сапарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.