Ұлттық қордың активтеріне шектеу қою туралы шешімнің күші жойылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2018 жылғы 23 қаңтарда Амстердам қаласы Округтік соты Bank of New York Mellon банкінің кастодиалдық сақтауындағы Ұлттық қордың активтерінен шектеуді жою жөніндегі Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің өтінішхатын қанағаттандырды.
"Сот Ұлттық банктің және процесте үшінші тарап ретінде қатысқан Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұстанымын мойындап, Ұлттық қорға қол сұғылмайтындағын мәлімдеді", дейді министрлік өкілдері.
Нидерландының сот органдары бұдан бұрын Статиге дәл осы активтерге шектеу қоюдан бас тартқан болатын. Стати бұл фактілерді жасыра отырып, сотты жаңылыстырған.
Сонымен қатар, сот Статиге қазақстандық тарапқа сот шығындарын өтеуін ұйғарды.
Министрліктің хабарлауы бойынша, Бельгияның сот органдары да осындай алдын ала шектеу қойды. Оған шағым жасау жөніндегі жұмыс белгіленген тәртіпте жалғастырылуда.