26 мау, 2019 сағат 11:10

Арыстағы жарылыс: Журналисті ұрып-соғу оқиғасына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Шымкенттің орталық мешітінде журналисті ұрып-соғу оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 25 маусым күні Шымкент қаласындағы «Ақмешіт» орталық мешітінде орналасқан эвакуациялық пунктінде БАҚ өкілдері мен эвакуцияланған Арыс қаласының азаматтары арасында жанжал болған.

«Аталған жанжалға байланысты ҚР ҚК-нің «Бұзақылық» 293-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» делінген хабарламада.

Айта кетейік, Арыс тұрғындарына арналған адамдарды түсіруге барған «Vласть» басылымының журналистіне оннан аса адам шабуыл жасаған. Олар БАҚ өкілдерінің камераларын тартып алмақ болған. Оқиға орнына тәртіп сақшылары келіп, дауды тоқтатқан.