05 ақп, 2021 сағат 16:50

Жыл басынан мемлекеттік еңбек инспекторлары 500-ден астам жұмыскердің құқығын қорғады

Ағымдағы жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 78 кәсіпорнында 1,5 мың жұмыскердің алдында 200,9 млн теңгеден астам сомаға жалақы бойынша берешекті анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы кәсіпорындардың басшыларына орындау үшін міндетті 31 ұйғарым берілді және 5,3 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды. 

Қабылданған шаралар, соның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеу нәтижесінде 500-ден астам жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 130,7 млн теңге төленді.