Биыл өрт салдарынан 228 адам көз жұмды. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Министрдің айтуынша, тәулік сайын ведомство бөлімшелері 100-ден 150-ге дейінгі шақыртуға барады. Олардың негізгі үлесі тұрғын үй секторындағы өртті өшіруге қатысты.
«Биылғы тоғыз айда елімізде 9 мыңнан астам өрт тіркеліп, оның салдарынан 217 адам жарақат алды, 228 адам қайтыс болды. Жалпы, өрт 10,5 пайызға төмендегенін байқап отырмыз: тұрғын үй секторында – 12 пайызға, көлікте – 19 пайыза, бақылаудағы нысандарда – 8 пайызға», - деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.