Оқу жылының басынан бері 10 мыңнан астам оқушы коронавируспен ауырды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі – Бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Өкінішке орай, мектеп оқушылары арасында коронавирус жағдайларының тіркелуі жалғасып жатыр. Оқу жылы басталғаннан бері 10 мыңнан астам мектеп оқушысы коронавируспен ауырды. Оның ішінде 3324 бала оффлайн режимінде білім алған. Қазіргі уақытта карантиндік іс-шаралар өңірлердегі және жекелеген мектептегі коронавирусқа шалдығу жағдайларын ескере отырып теңгерімді түрде қолданылады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.