11 қаң, 2022 сағат 15:51

Жуырда қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткіземіз – Мемлекет басшысы


ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық қарулы күш шұғыл жағдай кезінде өздігінен шешім қабылдауын қамту туралы айта келе, олардың жетекшілеріне жүктелетін жауапкершілікті күшейту керектігін мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қарулы күштердің өздігінен шешім қабылдай алуын қамтамасыз ету керек. Және қарулы күш жетекшілерінің жауапкершілігін күшейту қажет. Сонымен қатар діни экстремизмге қарсы күресте кешенді шараны жүзеге асыруымыз тиіс. Олардың теріс ниеттерінің криминалдық қылмысқа айналып кетпеуіне жол бермеу керек. Әсіресе қылмыстық атқару мекемелері үшін абай болған жөн. Таяуда қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткіземіз. Ол жерде жоғарыда айтылған жайттар ортаға салынып, шешу жолдары қаралады», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс отырысында.