Түркістан-Шардара: Шардара ауданы бойынша «Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер ел ішінде кездесулер ұйымдастыруды жалғастыруда. Бүгін кандидаттар «Канвассинг» шарасы бойынша аудан орталығында және ауылдық округтерде тұрғындармен дидарласып, емен-жарқын әңгімелесті.
Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы мен партияның жетістіктері туралы кеңінен тарата айтылды. Сонымен бірге кандидаттар ауыл тұрғындарын сайлау кезінде «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
Сайлаушылар да өз кезектерінде өтініштерін айтып, кандидаттарға ізгі тілектер білдірді.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалы сайлауалды штабының қорынан төленді.