30 қаң, 2023 сағат 18:10

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі ұзарды

видео кадры

Журналист Михаил Козачковты қамауда ұстау мерзімі 18 наурызға дейін ұзартылды.

Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотқа дейінгі тергеу органының өтініші бойынша қамауға алу мерзімі үш айға ұзартылған.

«30 қаңтарда сотқа дейінгі тергеп-тексеру органының өтініші қанағаттандырылып, Козачковты қамауда ұстау мерзімін үш айға, яғни 2023 жылдың 18 наурызына дейін ұзарту туралы санкция берілді», - делінген сот хабарламасында.

Еске салайық, қазақстандық журналист Михаил Козачков 2022 жылы 18 желтоқсанда қамауға алынған болатын. Ол Қоспаевтың ұйымдасқан қылмыстық тобына рейдерлік басып алулар жасауға көмектескен деген күдікке ілінген.