20 ақп, 2024 сағат 15:28

Журналист алаяқтардың құрбаны болды

Сурет: Kolesa.kz

Журналист Назерке Сұлтанбек алаяқтардың құрбаны болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" El.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Ол көлігін Алматыдан Астанаға автовозбен жеткізбек болған. Сенімінен шыққан алаяқтар көлігін 5 ақпанда елордаға апарамыз деп уәде еткен. Кейін «Қарағандыда бұзылып тұрмыз» деп бір хабарын берген, одан кейін телефондары сөндірулі. Сол уақыттары «көлігіңді ұрладық, есепшотыма екі миллон ақша аударсаң, темір тұлпардың қайда тұрғанын айтамыз» деп бәзбіреулер қоңырау шалған. Полицияға жүгінудің қажеті жоғын да ескертіпті, себебі олардан ешқандай көмек болмайды-мыс.

Қапыда көлігінен айырылған Назерке Сұлтанбек Алматы қаласы Наурызбай ауданы полиция басқармасына екі рет шағым түсіргенмен, әлі күнге дейін еш жауап болмаған.

"Кез келген автомобильді ұрлай беретінін түсіндім. Менікі қымбат көлік емес, іші толған киім-кешек, ыдыс еді. Жақында ғана белгілі блогердің де көлігі жоғалып кетіпті", - дейді зардап шегуші журанлист.


Ол әлі де полициядан үміт үзбегенін айтады.