03 нау, 2022 сағат 18:30

Жұмада доллардың ресми бағамы қанша болмақ?


Ұлттық банк 4 наурызға арналған доллардың ресми бағамын белгіледі, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Жұмада доллар бағамы 492,28 теңге болады. Айта кетейік, 3 наурызда доллардың ресми бағамы 490,43 теңге болған еді.

Айта кетейік, KASE биржасындағы күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 493,43 теңге.

Kurs.kz деректері бойынша, қазір Алматының айырбас пункттерінде доллар - 498,39 теңге, сонымен қатар 503,58 теңгеден сатылып жатыр.

Нұр-Сұлтандағы айырбас пункттерінде орта есеппен 495,48 теңгеден сатып алып, 502 теңгеден сатып жатыр.