Жосықсыз кәсіпкерлер тексерулерге 3 жылдық мораторийді салықтан жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«2020 жылдан бастап енгізілген тексерулерге 3 жылдық мораторий кассалық тәртіпті төмендетті. Жосықсыз кәсіпкерлер бұл бастаманы салықтан жазасыз жалтару мүмкіндігі ретінде қабылдады», - деді министр.
Оның дерегінше, тек өткен жылдың өзінде «Азаматтық бақылау - чекті талап ет» жобасы аясында Мемлекеттік кірістер комитетіне заң бұзушылықтар туралы бейне-тіркеумен 16,5 мың хабарлама келіп түскен.
«Осыған байланысты біз мораторий туралы Жарлыққа азаматтардың шағымдары мен жосықсыз субъектілер бойынша тексерулерге оны қолданбау бөлігінде түзетулер енгізуге бастамашылық жасадық», - деді Ерұлан Жамаубаев.