Жоғарғы сот тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатты деп айыпталған Алматы қаласы Наурызбай ауданының бұрынғы прокуроры Виктор Тихоновты ақтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
27 қыркүйекте өткен сот отырысында сот экс-прокурорға қатысты үкімнің күшін жойды.
"Ол толық ақталды", - деді Жоғарғы соттың баспасөз хатшысы Елдос Жұмақсанов.
Еске салайық, Виктор Тихонов 2017 жылдың қазан айында ұсталған. Наурызбай аудандық ІІБ тергеушісі, аға лейтенант Ерлан Әнуарбекпен бірге оларға адамды қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатты деп айып тағылған. Сондай-ақ, экс-прокурорға сутенерге қамқорлық жасады деген айып тағылған. 2018 жылдың шілдесінде сот оларды үш жылға бас бостандығынан айырды.