08 мау, 2023 сағат 18:59

Жигули Дайрабаев үйіне қатысты іс бойынша сотта жеңіліп қалды

Фото: t.me/mazhilis_kz

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жигули Дайрабаев Жамбыл облысы Сарымолдаев ауылындағы үйді сатуға қатысты сотта жеңіліп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Талапкер әйелімен бірнеше жыл бұрын ажырасып кеткен жергілікті тұрғын Саит Рузиев болып шықты. Әйелі ортақ үйді Жигули Дайрабаевқа сатып жіберген.

7 маусымда Жамбыл облысы Тұрар Рысқұлов ауданының соты Саит Рузиевтің бұрынғы әйелі мен депутат Жигули Дайрабаевқа, нотариус және облыстық әділет департаментінің қызметкерлеріне қатысты арызы бойынша шешім шығарды. Саид Рузиевтің бұрынғы әйелі мен Жигули Дайрабаев арасындағы 2021 жылғы 5 қарашадағы Сарымолдаев ауылындағы үйді сатып алу-сату мәмілесі жарамсыз деп танылды, мүлік - бұрынғы ерлі-зайыпты бірлесіп жиған пайда. Олардың бірлескен мүліктегі үлесі 50 пайыздан деп анықталды.

Сот шешіміне бір ай ішінде шағым түсіруге болады.