Фото: pexels.com
Жетісу облысының полицейлері жаңа туған нәрестені сатудың қос дерегін анықтады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі жағдай да Панфилов ауданында тіркелген және бұл қылмыстарды 23 жастағы жас әйел жасаған. Екі факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Анықталғандай, жас келіншек осы жылдың қыркүйек айында перзентсіз ерлі-зайыптылармен келісім жасап, жаңа туған ұлын 1 миллион теңгеге сатып жіберген. Тергеу барысында полицейлер өткен жылдың қазан айында күдікті дәл осындай қылмыс жасағандығын анықтады. Белгілі болғандай, жас әйел ұл баланы 1 миллион теңгеге сатқан.
"Қылмыстық тергеп-тексеру материалдарында мәміле жасау кезінде делдал және сатып алушы болған тағы 3-4 адам бар.
Әйелге қатысты «Келу туралы міндеттеме» бұлтартпау шарасы таңдалды. Балаларға келетін болсақ, әзірге екеуі де асырап алған ата-анасының қасында. Олардың болашақ тағдырын қорғаншылық және қамқоршылық органдары шешеді" - делінген хабарламада.