Алматы қалалық ТЖД жер сілкінісі болған ошақта ахуал тұрақты екенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Полиция департаментінің жедел басқару орталығындағы ақпаратқа сенсек, жер сілкінісі болған жерде ешқандай бұзылу, қирау дерегі тіркелген жоқ. Ахуал тұрақты. «Қазселденқорғау» МКК мәліметінше, гидротехникалық құралдарда ешқандай жарылу болған жоқ. Сел қаупі бар, тасқын жүруі ықтимал жерлерде қатер туғызатын ешқандай дерек тіркелмеді», - деп мәлім етті ТЖД баспасөз қызметі.
Айта кету керек, бүгін 15:07-де Алматыда жер сілкінісі болды. Қала тұрғындары шамаман 2-3 балдық қуаты бар дүмпуді сезді. Жерасты дүмпулерінің ошағы қалаға тым жақын, 5 шақырым қашықтықта болған.