06 ақп, 2023 сағат 12:55

Жеңілдетілген автонесие: барлық өтінім 18 секундта тіркелген

сурет ашық дереккөзден алынды

Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы бойынша autonesie.kz платформасында 761 қазақстандық 18 секунд ішінде өз өтінімін тіркеген. Бұл туралы Өнеркәсіпті дамыту қоры хабарлады.

"Платформа іске қосылған алғашқы 18 секундта (сағат 10:00-де) 761 қазақстандық өз өтініштерін тіркеді. Бірінші минутта сайтқа кірушілер саны 125 000 адамды құрады", - делінген хабарламада.

Ведомство мәліметінше, лимитке жеткеннен кейін өтінімдерді қабылдау автоматты түрде аяқталып, "өтініш беру" функциясы істен шыққан.

"Өтініш беру процесінде кейбір пайдаланушы көлік өндірушіні таңдай алмаған, бұл өтінім лимитіне жетуге байланысты болған", - деп толықтырды қор.

Еске салайық, қазақстандықтарға келесі өтінімдерді қабылдау наурызда, ал одан әрі - тоқсан сайынғы негізде қолжетімді болады. 

Бағдарлама жаңалықтарын қордың ресми сайтынан және әлеуметтік желілердегі парақшаларынан біле аласыз.