Жолға төселген асфальттың сапасына наразы Түркістан облысының тұрғындары мен мердігер компания өкілдері арасындағы әңгіме видеоға түсіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты Otyrar порталына сілтеме жасап.
Видео Өзбекстанмен шекаралас жерде, Жетісайдың іргесіндегі Атақоныс ауылында түсірілгені хабарланды. Кадрларда жергілікті тұрғындар асфальттың қалыңдығы екі сантиметрге де жетпейді, жол салуға миллиондаған қаржы бөлініп жатқанына наразы.
"Міне, ауыл тұрғындары. Мынаны қараңыздар, 2 сантиметр де шықпайды. Ұят қой мынау", - дейді тұрғын видеода.