26 қыр, 2022 сағат 10:26

Желіде КамАЗ-ға ит байлап сүйрегендердің видеосы тарады


Желіде КамАЗ-ға итті байлап, сүйреп бара жатқандардың видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан көліктегілер жануарды әбден қинағанын байқауға болады. Тіпті жүре алмай қалған итті асфальт үстімен сүйреп жүргенін де көруге болады. Видео авторының сөзінше, бұл жағдай Алматы облысы, Талғар ауданындағы Еркін ауылында болған.

Полицейлер аталған құқықбұзушылық Талғар аудандық полиция бөлімінде тіркелгенін мәлімдеді.

"Құқықбұзушылық Талғар ауданы полиция бөлімінде тіркелді. Тексеру аталған бөлімшенің қызметкерлеріне тапсырылды. Құқық бұзушыны міндетті түрде анықтап, шара қолданамыз", - деді Алматы облысы Полиция департаменті бастығының тергеу жөніндегі орынбасары Рустам Әбдірахманов.