"Грозный" телеарнасы Telegram-арнасында және RT телеарнасы 13 наурызда Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың болжам бойынша Украинадағы әскери қақтығыс аймағында жүргені туралы видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Видеода әскерилер Шешенстан басшысына жағдай туралы баяндап, шабуылдың мән-жайын айтып жатыр.
"Сіз бізге көрсеткен стратегия 100 пайыз жұмыс істеді", - деді әскерилердің бірі.
Сонымен қатар, видеода Қадыров: "Біздің мақсатымыз - Киевті басып алу" деп айтып жатқаны көрсетілген.
Роликте Қадыров нақты Украинада жүргені не әскерилермен кездесіп жатқаны нақты айтылмайды. Яғни түсірілім жасалған жер белгісіз.
Украиналық БАҚ-тар барлау қызметтеріне сілтеме жасап, видео Украинада түсірілгенін жазды.
БАҚ-та Қадыров Киевте жүргені туралы ақпарат тарағаннан кейін Зеленскийдің кеңсе басшысының кеңесшісі Алексей Арестович егер бұл ақпарат расталса, "қосалқы күш қондырғысы оның (Қадыровтың - еск.) көзін жоятынын" мәлімдеді.
Арестовичтің мәлімдемесіне Шешенстан басшысы Telegram-арнасында жауап берді.