«Жекешелендірудің 2021-2025 жылдарға арналған кешенді жоспарында 733 нысанды сату көзделген. Есепті кезеңде сомасы 52 млрд теңгеге 197 нысан сатылды және кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді», - деді министр.
Оның дерегінше, мемлекет меншігінде болған 112 нысан сатылымға қойылды.
«16 нысан қайта ұйымдастыруға және таратылуға жіберілді. Алдағы уақытта 348 нысанды сату керек», - деді Ерұлан Жамаубаев.