Сурет ашық дереккөзден алынды
Журналистер Қорғаныс министрлігінің өкілдерінен Қазақстан армиясындағы әскери сарбаздар қазасының артуына қандай жауапкершілік жүктелетінін сұрады, - деп хабарлайды Massaget.kz порталы.
"Жыл басынан бері Қарулы Күштерде әскери қызметшілердің өліміне қатысты бірнеше оқиға тіркелді. Көпшілік мұны әскердегі "дедовщинамен" байланыстырады. Қорғаныс министрлігі бейбіт уақытта әскери қызметшілердің өліміне жауапты ма?" - деп сұрады журналист ОКҚ брифингінде.
Қорғаныс министрінің орынбасары Сұлтан Камалединов Қарулы Күштерде мұндай оқиғалардың барын мойындады.
"Бірақ айта кететін жайт, Қарулы Күштер - қоғамның бір бөлшегі. Қоғамда болып жатқан барлық процесc Қарулы Күштерде де жүріп жатыр. Жаңа ғана сіз атап өткен нәрсе болып жатыр. Бірақ біз нақты анықтауымыз керек: біз Қарулы Күштердің, басқа да әскери құрамалардың құрылымына тек Қорғаныс министрлігі мен Қорғаныс министрлігіне бағынатын әскери бөлімдерге ғана жауап бере аламыз", - деді ол.
Ол Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, Төтенше жағдайлар министрлігіне және Мемлекеттік күзет қызметіне бағынысты әскери бөлімдер барын, оларда әскери қызмет көрсетіледі, ал Қорғаныс министрлігі оларға жауап бермейтінін түсіндірді.
Қорғаныс министрлігі тәрбие және идеологиялық жұмыс департаменті басшысының міндетін атқарушы Серік Бурамбаев та мәселеге қатысты пікір білдірді.
"Иә, жауапкершілік біздің мойнымызда. Әрбір қаза тек туған-туыстары мен жақындарының ғана емес, бүкіл Қарулы Күштердің қайғысы мен шығыны. Сонымен қатар, төменгі буыннан министрлік басшылығына дейін жауапкершілік жүктеледі. Әрбір іс жеке және арнайы тәртіпте қаралады. Офицерлермен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілердің өлім себебі түрлі болуы мүмкін: ауруға байланысты, жазатайым оқиғаларға байланысты, өйткені олар, қоғамның барлық азаматы сияқты, жұмысқа келеді және кешкі уақытта қызметтен үйіне кетеді. Қарапайым азаматтар сияқты күнделікті мәселелермен айналысады. Бірақ жауапкершілік бірінші кезекте біздің мойнымызда", - деп түсіндірді ол.
Бурамбаев ата-аналар мен Сарбаздар аналары комитетінің өкілдері әскери бөлімнің өмірі мен қызметі туралы әрқашан онлайн және офлайн форматта таныса алатынын айтты.