Еуразиялық интеграция институтының директоры Ерлан Сайыров Президенттік жастар кадр резервінің артықшылықтары туралы айтып берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Бұл - еліміздегі жастарға қоғамдық және әлеуметтік көмек жасаудағы негізгі қадамдардың бірі. Бүгінгі таңда жастар еліміздегі халықтың жартысынан астамын құрайды, бірақ мемлекеттік және басқа органдарда олардың үлес салмағы аздау. Сондықтан Президенттің бұл қадамы жастар үшін кадрлық әділеттілік орнатуға бағытталған әрекет деп ойлаймын», - дейді Ерлан Сайыров.
Сондай-ақ, ол Президенттік жастар резервіне қатысты өз ұсынысын да айтып өтті.
«Президенттің жастар резервіне іріктеу әділ өтті. Енді Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларына ғана емес, аймақтарға да жіберіп, тәжірибеден өткізген дұрыс», - дейді ол.