10 қыр, 2024 сағат 22:48

Жасанды интеллект білім-ғылым саланысына да еніп жатыр


Коллаж: kursiv.media
Президент Сингапурға сапарында сол елдің ғалымдармен және ондағы жоғары оқу орындарының ректорларымен кездесті. Сонда Сингапурда қазақстандық ғылыми кадрларымызды оқу туралы уағдаластық орнады. Жалпы, Сингапур сияқты экономикасы озық елдерден көп нәрсе үйренуге болады.

Бұған қоса, Қазақстанның ғылым саласындағы негізгі жетістіктерінің бірі ретінде қаржы технологиясы мен электронды үкімет салаларын атауға болады. Қазір осы саланың инфрақұрылымын дамыту үшін нақты шаралар қолға алынды. Мысалы, суперкомпьютер жасауға қатысты жұмыс жүргізіліп жатыр.

Мемлекет басшысы бұл жобаға үлкен сенім артып отырғанын үнемі айтады. Мемлекеттік органдармен қатар, ғылыми қауымдастық пен бизнес те Қазақстанда жасалған суперкомпьютердің игілігін көретін болады. Жасанды интеллектіні дамыту ісінде елдің кадрлық әлеуеті маңызды рөл атқарады. 

Бұл ретте ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық педагогтер мен оқушылар жасанды интеллектті қолдану және бағдарламалау дағдыларын меңгеретінін мәлімдеді. 

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ, «Astana hub» халықаралық технопаркімен және «Өрлеу» БАҰО АҚ-мен бірлесіп оқушылар мен педагогтерге арналған бағдарламалау негіздерін оқытатын онлайн-білім беру платформасының пилоттық жобасын іске қосты.