Фото: pexels.com
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдері студенттер арасындағы төбелес туралы түсініктеме берді. Университет әкімшілігінің мәліметінше, жанжал оқу орнының аумағында емес, қала ішінде болған, деп хабарлайды kaz.nur.kz.
Бостандық ауданының полиция басқармасы оқиғаның 24 қыркүйекте түнгі сағат 02:52-де Попов пен Бальзак көшелерінің қиылысында орын алғанын мәлімдеді. Университет өкілдері қақтығыстың университетке қатысы жоқ екенін растады. Қазіргі уақытта жағдайдың толық мән-жайы тексеріліп жатыр.
Сонымен қатар, бұған дейін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ территориясында жаппай төбелес болғаны туралы хабар тараған еді.
Полиция қызметкерлері төбелеске қатысқан шамамен 20 жасты ұстады. Олардың барлығы оқиға орнында ұсталып, тергеу мақсатында полиция бөліміне жеткізілген.