29 там, 2023 сағат 12:58

"Жануар сияқты ұлыған". Павлодарда жалаңаш қыз 6 жасар балаға шабуыл жасады

Фото: pixabay.com

Павлодар тұрғыны әлеуметтік желіде Затон шағын ауданында болған жайтқа қатысты ақпарат жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

"Кеше, 27 тамызда жалаңаш қыз психотропты заттың әсерімен алты жасар баламның артынан жүгіріп, шабуылдады. Енем баланы алып үлгерген, бірақ ол тоқтамастан, жануар сияқты ұлыған. Ата-аналар сақ болыңыздар", – дейді хаттың авторы. 

Оның сөзінше, бала есеңгіреп қалған. Әйел адам сол сәтті түсіріп алған жандар болса, видеосын жіберуді сұрайды. 

Ал облыстық Полиция департаменті өтініш Павлодар қаласы полиция басқармасының Оңтүстік бөлімінде тіркелгенін хабарлады.

"Әйел адамның жеке тұлғасы анықталды. Аталған дерекке қатысты облыс орталығының 19 жастағы тұрғыны ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 449-бабы бойынша жауапкершілікке тартылды" - дейді ПД баспасөз қызметі.