© Photo: Пресс-служба Qazaq oil
Өңірлік штабтар жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын болдырмау үшін мұнай базаларына тексеріс жүргізеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Энергетика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл мәселе бүгін Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың төрағалығымен өткен жанар-жағармай (ЖЖМ) нарығындағы ахуалға қатысты кеңесте талқыланған.
Ведомство мәліметінше, ел бойынша дизель отынының жиынтық қоры 308,56 мың тоннаны құрайды, бұл 2023 жылғы 1 қаңтардағы қормен салыстырғанда 59 мың тоннаға артық.
"Сонымен қатар кейбір өңірлердегі жекелеген жанармай құю станцияларында дизель отынын сатуға шектеу енгізілгені байқалып отыр.
Осыған байланысты ЖЖМ ішкі нарығын қамтамасыз ету үшін:
- Өңірлік штабтарға, атап айтқанда, жергілікті атқарушы органдарға, бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменттеріне, мемлекеттік кірістер департаменттеріне, экономикалық тергеу департаменттеріне, табиғи монополияларды реттеу департаменттеріне жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын тудырмау мақсатында мұнай базаларын комиссиялық тексеру жөнінде шаралар қабылдау;
- Заңбұзушылық фактілері болған жағдайда тиісті мемлекеттік органдарға нарық субъектілерінің бәсекелестікке қарсы немесе доминантты әрекеттері бойынша тергеу жүргізу тапсырылды" , - деп атап өтті министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.