11 сәу, 2023 сағат 22:38

Жаңаөзендіктер Астанада ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етті

видеодан алынған кадр

Жаңаөзен қаласының бір топ тұрғыны әкімдік алдына жиналып, Астанада ұсталған мұнайшыларды босатуды талап етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Lada.kz Telegram-арнасына сілтеме жасап.

Жиылғандардың арасында әйелдер де бар. Олардың бірі жұмысшылардың жағдайына алаңдап отырғанын жеткізді.

Айта кетейік, Астанадағы Энергетика министрлігі ғимаратының алдында тұрақты жұмыс сұрап, наразылық білдірген жаңаөзендік мұнайшыларды 11 сәуірде кешкісін полиция мен арнайы жасақ күштеп ұстап әкетті. 

Жұмысшылар алдымен кеттлингке алынды, содан кейін заттарымен бірге автозактарға тиелді.