14 мау, 2022 сағат 14:23

Жаңа министр балалары неге Кипрде оқитынын түсіндірді


Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары неге Кипрде оқитынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысынан кейін журналистер жаңа министрден балалары қайда оқитынын сұрады.

"26 маусымда олар Қазақстанға қайтады. Сізге олардың осында екені туралы фото есеп беремін. Өзім асыға күтіп жүрмін. Үш себеп бар: біріншісі - әйелімнің және балаларымның медициналық жағдайы. Нақты медициналық қорытынды бар, белгілі бір проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке қарай, оларды осында (Қазақстанда) қаржылай жағдайға байланысты жекеменшік мектепте оқыта алмадым. Үшіншіден, бұл ұлыбританиялық форматтағы өте жақсы мектеп (Кипрде). Бірақ алаңдамаңыздар. Мен сіздерге тағы да ашық айтамын, 26 маусымда олар Қазақстанға оралады", - деді Саясат Нұрбек журналистерге.

Саясат Нұрбек "Балалардың Қазақстанға оралуы министр лауазымына тағайындалуымен байланысты ма?" деген сұраққа да жауап берді. 

"Мен бір күн бұрын ғана министр болдым. Бір күнде бір нәрсені өзгерту мүмкін емес шығар - жеке жағдайда да, білім және ғылым жүйесінде де. Олар қарапайым мектепке оралады. Фото есеп болады, сондықтан менің әл-ауқатым мен балаларым үшін алаңдамаңыздар. Менің жеке өмірімді бақылап, уайымдайтындарыңызға өте ризамын", - деп түйіндеді ғылым және жоғары білім министрі.

Еске салайық, Білім және ғылым министрлігі Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Білім министрлігіне бөлінді. Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі болып тағайындалды, ал Асхат Аймағамбетов білім министрі болды.