13 мау, 2019 сағат 17:39

"Жаңа қызметтерге жастар келіп жатыр" - Карин

ҚР Президентінің кеңесшісі Ерлан Қарин Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа кадрлық тағайындауларына байланысты пікірін білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Бүгін Президентіміз өзінің алғашқы кадрлық тағайындауларын жасады. Сайлауалды бағдарламада уәде етілгендей, жаңа қызметтерге жастар келіп жатыр. Мемлекет басшысы кадрлардың кәсіби біліктілігі мен іскерлік қасиеттеріне басымдық беріп отыр. Аймақтарда да жергілікті кадрлардың әлеуеті ескерілетін болады», - деп жазды Ерлан Қарин Telegram-каналында.