02 мам, 2024 сағат 13:02

Жамбыл облысында даладағы дәретханада оқушы қайтыс болды


Жамбыл облысы Байзақ ауданы Құмжота ауылында жоғарғы сынып оқушылары кіші сыныптың балаларын ұру салдарынан бір бала қайтыс болды. Полиция осы дерекке байланысты іс қозғады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Қайтыс болған баланың туыстарының айтуынша, мектеп аумағындағы сыртқы әжетханада 9 сынып оқушылары төмен сыныптың балаларын ұрып-соққан. Кеудесінен бірнеше соққы алған бала есінен танып, бірден жан тапсырған.

Жамбыл облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынған.

"Оқушының өлімі дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды. Сондай-ақ, мектеп басшылығы мен оқытушы құрамға қатысты балалардың денсаулығы мен өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамағаны үшін қылмыстық іс қозғалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесіне байланысты жариялануға жатпайды", - делінген полиция хабарламасында.