Фото:elements.envato.com
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова жалға берілетін баспана ахуалы туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналистер министрден Алматыдағы жалға берілетін тұрғын үй нарығына қатысты қазіргі жағдайды сұрады.
"Бізде жалға беру нарығы толық реттелмеген, көлеңкелі тұсы көп. Бұл мәселе бойынша Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жеке нұсқау бар. БҚДА жақын арада өз ұсыныстарын береді деп ойлаймын", - деді Дүйсенова.
Министр жалға берілетін тұрғын үй нарығын жалға берушілердің де, осы пәтерлерді жалға алушылардың да мүддесі қорғалатындай етіп реттеу керек екенін айтты.
"Бұл дегеніміз, пәтерді қаншаға жалға беру керек екені айтылады. Реттеу дегеніміз - болашақта олардың мүддесін қорғау үшін қанша пәтер жалға берілетінін және бұл тұлғалардың салық төлеуші болып саналатынын көрсететін тізілімнің пайда болуы. Пандемия кезінде мемлекет есебінен қанша адам қолдау тапқаны есіңізде, өйткені олардың бизнесі тоқтап қалды. Мен мемлекеттің де, осы бизнеспен айналысатын адамдардың да көзқарасы тұрғысынан айтып отырмын", - деді Дүйсенова.