26 ақп, 2021 сағат 07:50

Зейнетақы жинағын пайдалану: Платформада «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» мүмкіндігі пайда болды

enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» батырмасы іске қосылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Отбасы банкіне сілтеме жасап.

«enpf-otbasy.kz онлайн-платформасында «БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару» батырмасы іске қосылды. Енді, өтінімді қате жіберген болсаңыз немесе ойыңыздан айныған болсаңыз, арнайы шотқа түскен қаражатты БЖЗҚ-ға қайтару үшін 45 күн күтудің қажеті жоқ. Оны платформадағы жеке кабинетіңіх арқылы оңай жасай аласыз», - делінген хабарламада. 

Қаражатты үш қадаммен қайтаруға болады.

1. enpf-otbasy.kz онлайн платформасына жеке ЭЦҚ арқылы кіріңіз;
2. Жойғыңыз келетін өтінімді ашыңыз;
3. БЖЗҚ-ға қаражатты қайтару деп аталатын қызғылт сары батырманы басыңыз.

3 жұмыс күні ішінде сіздің арнайы шотыңыздағы қаражат зейнетақы шотыңызға қайтарылады. Ақша түскеннен кейін, қажет болған жағдайда, сіз қайтадан біржолғы зейнетақы төлемін алуға өтінім жолдай аласыз.

Егер сіздің өтініміңіз мақұлданған болса және сіздің арнайы шотыңызда қалдық ақшаңыз қалса, онда қаражатты мерзімінен бұрын қайтаруға болмайды.

Қалдық сома 45 күннен кейін зейнетақы шотыңызға автоматты түрде қайтарылатын болады.

Еске салсақ, 2 қаңтарда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев зейнетақы жинағының бір бөлігін мақсатты пайдалануға қатысты заңға қол қойды.

23 қаңтардан Қазақстанда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталды.