10 жел, 2021 сағат 23:39

Зейнетақы жинағын пайдалану: ҚР ИИДМ басшысы жаңа бұйрыққа қол қойды


ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген бұйрыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрлік мәліметіне сүйенсек, жаңа нормаларға сәйкес енді мынандай мүмкіндіктер пайда болды:

- баспана сатып алуға қаржы жинақтау үшін тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды толтыру. Бұл ретте үш жыл ішінде тұрғын үй заемын ресімдеу қажет.

- жеке үй салу үшін жер учаскесін сатып алу немесе өзінің жер учаскесінде жеке тұрғын үй салу.

«Бұл ретте тұрғын үй құрылыс жинағы бойынша салымды кепіл ретінде беруге болмайды», - деді ведомстводан.