17 ақпандағы жағдай бойынша Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына уәкілетті операторлардан мерзімінен бұрын төлемдерді жүзеге асыруға мақсатты пайдалану үшін 140 941 салымшының өтініші келіп түсті, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
«Жалпы сомасы 496,7 млрд теңгеге жуық 92 126 өтініш орындалды. Салымшылардың арнайы шоттарына түскен төлемдердің орташа сомасы 5,4 млн теңгеден асады. Арнайы шоттарға төлем алғандардың 20% жуығы Алматы қаласында тұрады, орындалған өтініштердің 17% пайызы Маңғыстау облысының тұрғындарынан, ал 16% елордамыз Нұр-Сұлтан қаласынан жіберілген»,-делінген хабарламада.
23 млрд теңгеге жуық сомаға 4 482 өтініш төлемдерді жүзеге асыру үшін өңделуде. Заңнама талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты 42 579 өтінім қабылданбады.
Орындалған өтініштерге жасалған талдау 39% пайыз ипотекалық қарыз бойынша берешекті ішінара немесе толық өтеу мақсатына бағытталғанын көрсетеді. Өтініш білдірген салымшылардың шамамен 26% зейнетақы ақшасын тұрғын үйді ипотекасыз (толық сатып алу) сатып алуға жіберу туралы шешім қабылдаған.
Зейнетақы жинақтарын пайдалануға танымалдығы жағынан үшінші орындағы сұраныс – жақын туыстарына беру (өтініштердің 19% астамы). Біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары туралы толық ақпарат enpf.kz сайтындағы «Көрсеткіштер» - «Тұрғын үй жағдайларын жақсартуға арналған мақсаттар бойынша біржолғы зейнетақы төлемдері» бөлімінде орналастырылған.