23 қаң, 2021 сағат 15:50

Зейнетақы жинағын алуға таңертеңнен бері 11 мыңға жуық адам өтінім берді

Бүгін сағат 9:00-ден бастап арнайы порталда зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдау басталғалы 10 500-ден астам адам өтініш берді. Бұл туралы «Отбасы банк» АҚ баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Атап айтқанда, enpf-otbasy.kz арнайы сайты арқылы сағат 17:00-ге қарай 10 779 өтінім қабылданды», - деді баспасөз қызметінің өкілі ҚазАқпарат сауалына жауап бере отырып. 

Белгілі болғандай, зейнетақының бір бөлігін аударуға арналған 67 мыңнан сәл астам арнайы шот ашылды.

Бұдан бұрын хабарланғандай, зейнетақының бір бөлігін алуға өтінім қабылдайтын сайт іске қосылды. Осы арқылы ел аумағында өтінім қабылдау басталды.