08 ақп, 2021 сағат 09:42

Зейнетақы жинағы: 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден астам қаражат ала алады

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан бірретік төлем ала алатын тұрғындардың басым көпшілігі Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларында және Қарағанды облысында тұрады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ 2021 жылдың 1 қаңтарындағы мәліметіне сәйкес, жалпы саны 762 мың қазақстандық зейнетақы жинақтарының бір бөлігін ала алады. Оларға жалпы көлемі 2,4 трлн теңге төленуі тиіс.

Олардың арасында Алматы (70 700), Нұр-Сұлтан (94 700), Қарағанды облысы (77 500), Маңғыстау (64 300), Атырау (58 300), ШҚО (49 400), Ақтөбе (42 400), Павлодар (38 600), Шымкент (29 800) көш бастап тұр. Қалған өңірлер бойынша, Қостанайда – 26 400 салымшы, БҚО – 25 400, Алматы облысында – 20 900, Қызылордада – 17 400, Ақмолада – 17 040, Жамбылда – 15 900, СҚО – 11 800 және Түркістан облысында 1 200 адам зейнетақы жинағының артылған сомасын ала алады.

Төлем сомасы жағынан да Алматы қаласы (656,2 млрд теңге), Маңғыстау (382,1 млрд теңге) және Нұр-Сұлтан (326, 97 млрд теңге) алда тұр. Одан кейін Атырау (252,3 млрд теңге), Қарағанды облысы (182,9 млрд теңге), БҚО (102,4 млрд теңге), Ақтөбе (101,2 млрд теңге), ШҚО (97,5 млрд теңге), Павлодар (74,01 млрд теңге), Шымкент (61,5 млрд теңге), Қостанай облысы (47,5 млрд теңге), Қызылорда (41,3 млрд теңге) жайғасқан. Соңғы орындарда Алматы облысы (38,4 млрд теңге), Ақмола (29,3 млрд теңге), Жамбыл (28,6 млрд теңге), СҚО (20,1 млрд теңге) және Түркістан (2,5 млрд теңге) орналасқан.

Сонымен бірге, «БЖЗҚ» АҚ 10 миллион теңгеден асатын жинақ қоры бар салымшылардың статистикасын келтірді. Республика бойынша 54 мың қазақстандық 10 миллион теңгеден асатын қаражатты мақсатты қажеттіліктеріне ала алады. Мұндай салымшылар Алматы қаласы (15 900 адам), Маңғыстау облысы (13 700) және Нұр-Сұлтанда (7 400) көп тіркелген. Сонымен бірге, өңірлер арасында олар Атырау облысы (7 000), БҚО (2 800), Қарағанды (1 600), Ақтөбе (1 500), ШҚО (842), Шымкент (690), Павлодар (606), Қызылорда (528), Алматы (450), Қостанай (420), Жамбыл (309), Ақмола (267), СҚО (134), Түркістан (20) облыстарында тұрады.