Владимир Зеленский Украина НАТО-ға кіре алмайтынын мойындау керек екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Біріккен экспедициялық күштерге (Joint Expeditionary Force) кіретін мемлекеттер басшыларының онлайн-кездесуінде Украина президенті ел НАТО-ға мүше емес екенін атап өтті.
"Біз мұны түсінеміз, адекват адамдармыз. Біз қаншама жыл бойы оларға есік ашық дегендей ақпаратты естіп келдік, бірақ қазір оған кіре алмайтынымызды түсіне бастадық. Бұл шындық және оны мойындау керек. Халқымыз осыны мойындап, өзіне және бізге көмектесіп жатқан серіктестерімізге сене бастағанына қуаныштымын", - деді Зеленский.